«Ұлттық домбыра орталығын ашу қажет» – Мәжіліс депутаты

«Ұлттық домбыра орталығын ашу қажет» – Мәжіліс депутаты

«Ұлттық домбыра орталығын ашу қажет» – Мәжіліс депутаты
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров, AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа сауал жолдады деп хабарлады turkystan.kz. Депутат сауалында Президенттің «Рухани жаңғыру құндылықтары біздің басты рухани бағдарымыз» деген сөзін назарға алып, еліміздегі рухани келеңсіздіктердің алдын алудың бір тетігі ретінде Ұлттық домбыра орталығын ашу қажет екенін айтты.
«Әрбір халықтың өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениеті. Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, халықтың жаны, ақыл-ойы, парасаты. Бүгінгі таңда Қазақ руханиятына әлемнің түкпір-түкпірінен сан түрлі ақпарат құйылып жатыр. Осының салдарынан ұлттың тұтастығы мен салт-дәстүріне сызат түсіп, ел берекесі шайқала бастады. Осынау рухани келеңсіздіктердің алдын алудың бір тетігі ретінде Ұлттық домбыра орталығын ашу қажет деп есептейміз! Ол ұлттық өнердің барлық саласы шоғырланған дербес ұйым болуы тиіс!” - деді Саиров.
«AMANAT» партиясы ұлтымыздың рухани әлемін сақтап дамытудың кешенді бағыт-бағдарын ұсынды:
  1. Жаһандану процестері өзінің технологиялық жетістіктерімен қатар, ұлттық мәдени кодты коррозия жасайтын, халқымыздың тарихи санасына жат бағыттар әкелуде.
  2. Домбыра орталығы ұлттық игілігімізді терең ұлықтау арқылы, әсіресе, жастар арасында осындай жат пиғылдан аулақ болудың алаңына айналуы абзал.
  3. Ұлттық домбыра орталығы қазақтың тереңнен келе жатқан мәдени брендін, салт-дәстүрін халықаралық деңгейде насихаттауға қабілетті, ауыл-аймақтан қазақтың жас таланттарын жия отырып, домбыра дүлдүлдерін тәрбиелейтін орынға айналуы қажет.
  4. Бүгінгі қым-қиғашы көп заманда өзіндік рухани кеңістікті, ұлттық болмысты сақтап, аялап, дамыту өте маңызды! Осынау кезеңде жастар, азаматтар дәстүрлі рух, нәр алатын рухани ұлттық пана рөлін атқаратын мекемелер құру мемлекетіміздің болашағы үшін өте маңызды!