Астанада LRT құрылысы жалғасады – Алтай Көлгінов

Астанада LRT құрылысы жалғасады – Алтай Көлгінов

Астанада LRT құрылысы жалғасады – Алтай Көлгінов
ашық дереккөзі
LRT құрылысы жалғасады. Бұл туралы Baigenews тікелей эфирінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz Көлгіновтың айтуынша, жобаның шығынын азайту үшін стансалар мен жылжымалы құрамның санын қысқартуға тура келген.
«Біз оңтайландыруды көздеп отырмыз. Егер бастапқы жобада 18 станса қарастырылған болса, біз әзірге тек сегіз стансаны ұсынамыз. Ол әуежайдан бастап Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықты қамтиды. Себебі бұл аралық өте тығыз ораналасқан. Сондай-ақ жылжымалы құрам да қысқарды, жобада 19 жылжымалы пойыз қарастырылған, біз  оның бесеуін қалдырып отырмыз. Жоба бойынша төрт вагон қарастырылған, әр вагонға 150 жолаушы сыяды, бәрін қосқанда 600 жолаушы тасымалдай алады», – деді Көлгінов.
Әкім жобаның бюджетін екі есе қысқартуға көмектескенін айтты.
«Қазір бізге жобаны аяқтау үшін 577 миллион АҚШ долларын  керек, бұл бастапқыдан екі есе дерлік аз қаржы», – деді әкім.