Тері мен жүн экспортына салынатын кедендік баж салығын алып тастау ұсынылды

Тері мен жүн экспортына салынатын кедендік баж салығын алып тастау ұсынылды

Тері мен жүн экспортына салынатын кедендік баж салығын алып тастау ұсынылды
ашық дереккөзі
Парламент мәжілісінің депутаты Сырым Ертаев Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға төрт түлік малдың жүн-терісіне қатысты сауал жолдады деп хабарлады turkystan.kz. Депутат өз сауалында халықпен кездесу барысында ауылдық жерлерде  төрт түлік  малдың  терісін өңдеуге ешқандай мүмкіндік жоқ екеніне көз жеткізгенін айтты.
«Еліміздегі төрт түліктің терісі мен жүніне келсек, 2021 жылы жылқы 130 мың бас,ірі қара малы  1 миллион, ұсақ мал ешкі мен қой 1,5 миллион  бас сойылған», - деді депутат.
Оның мәліметінше, биыл жарты жылда 60 мың басқа жуық жылқы, 350 мың ірі қара, 550 мың  ұсақ мал сойылған. Сондай-ақ осы жылдың басынан бастап, жылқы терілерін экспорттау мүлдем болмаған. Отандық тері өңдеушілері де өңдемеген. Ал ірі қара малынының  66500  дана  тері экспортқа кеткен. Ертаевтың зерттеуінше, ұсақ мал – ешкі мен қой терілері экспортка мүлдем шықпаған және  өңделмеген. Сондықтан халық амасыздан ауыл маңындағы күл-қоқысқа тастауға мәжбүр айтып, ол мәселенің шешу жолдарын ұсынды.
«Қазіргі таңда біздің ел тері өнімін шірітіп жатыр. Себебі тері мен жүнді экспорттауға кедендік баж салығы қойылған. Яғни теріні шетелге сататын болсаң,  200€ тоннасына төлейсін,  яғни 100 мың тенге. Сондықтан теріні шетелге шығару тиімсіз болып отыр.  Олар басқа  елдерден нарығын тауып алды. Кедендік баж салықты алып тастап, шетелдік нарықты қайта табу керексіздер Ал жүнге келетін болсақ , онда да  10 %  баж салығы бар. Мысалыға, 1 миллион $ жүн алса, 100 мың $ төлеу керек болады. Мұндай салықтан кейін  қандай ел біздің  төрт түлік малдың жүн-терісін алады?  Тері жүнді кедендік баж салығын алып тастау үшін бірқатар министрлік өкілдерімен хабарласып осы мәселе бойынша сөйлескенде, барлығы  дұрыс деп  келіседі және  ведомствоаралық комиссия да  талқыланып жатыр деп жауап береді.  Бірақ бұл үлкен проблеманы  Сіздер талқылап жатқанда экологияның тас талқаны шығып жатыр», - деп ұсыныс айтты депутат.
Сонымен қатар ол тері өңдеу заводтарға пайызсыз несие беріп, ауыл халқын да жұмыспен қамтуға болатынын жеткізді.
«1 жылда 1 миллион қой сойылады соны 500 тенгеден терісін алып қабылдайтын болса,  500 миллион болады. Сонда ауылға қаржы кіре бастайды, халық жұмыспен қамтылады. Табиғатымызды қорғаймыз ең бастысы. Тері өңдейтін заводтарға пайызсыз несие беріп, бәсекелестікке шыдайтындай оларға айналымға қаржы беру керек. Осылайша  қаржы беру  арқылы  қолдау  керек!», - деді Ертаев.