«AMANAT»: ауылға қатысты түйткілді мәселе көп

«AMANAT»: ауылға қатысты түйткілді мәселе көп

«AMANAT»: ауылға қатысты түйткілді мәселе көп
ашық дереккөзі
Аманаттықтар «Ауыл ел бесігі» және «Дипломмен ауылға» жобаларын қайта қарауды ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.    Партия мүшелері ауылдық жерлерде жұмыс орындарын ашып қана қоймай,  жас мамандарды тарту үшін сапалы материалдық-техникалық база, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым құрылуы тиіс деп санайды. Комитеттің мәліметінше, «Дипломмен ауылға» жобасы іске қосылған 12 жылдың ішінде 85 мыңнан астам маман 14,1 млрд.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алған.  Ал 40 мыңнан астам маманға тұрғын үй сатып алу үшін 123,5 млрд.теңге көлемінде бюджеттік несие берілген.  width=
«Жергілікті жерлерде денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар мен әкім аппараты қызметкерлерінің  жетіспеушілігі байқалады. Экологтар, аспазшылар, дәнекерлеушілер, механизаторлар бір сөзбен айтқанда, кәсіптік-техникалық білімі бар мамандар қажет. 2020 жылы ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері тізімге кірді. Алайда олар аудан әкімдігінің мамандары туралы ұмытып кеткен көрінеді», деді Комитет мүшесі, «AMANAT» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов.
Одан соң  депутат «Дипломмен ауылға» жобасына қатыспайтын моноқалаларға тоқталды. Ол облыс орталықтарынан және басқа да ірі қалалардан 500 км-ден астам қашықтықта орналасқан Державинск және Мамлютка қалаларындағы жағдайды мысалға келтірді. Сонымен қатар, Партиялық бақылау комитетінің жұмыс тобы 2020-2022 жылдары «Ауыл ел бесігі» жобасының іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсатында Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында тексеру жүргізді. Солтүстік Қазақстан облысындағы 63 ауылда 102 жобаны жүзеге асыруға 15,2 млрд теңге бөлінген. Екі жылда 34 білім беру, 10 денсаулық, 9 мәдениет нысаны және 35 ауылда 226 шақырымнан астам ішкі жол жөнделген. Бұл ретте бірқатар түйткілді мәселе бар. Мәселен, Афонькино ауылында мектепке жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары кезінде көп қателік орын алған. Ақмола облысында 41 жобаны жүзеге асыруға 7,2 млрд.теңге бөлінген. Алайда, кестеден қалып қоюына байланысты Сандықтау ауылындағы мектеп пен аудандық аурухана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге және Ақмол ауылында дене шынықтыру кешенін салуға бөлінген қаражат игерілмей қалған.  width= Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтың айтуынша, биыл 576 ауылда жобаларды іске асыруға республикалық бюджеттен 127,9 млрд.теңге бөлінген.
«Қазіргі уақытта тұжырымдамалық шешімді қажет ететін бірқатар мәселе бар. Ауылды дамыту жөніндегі іс-шаралар бірнеше ұлттық жоба шеңберінде іске асырылады және жауапты мемлекеттік органдардың құзыретін тиісті үйлестірусіз, жүйелендірмей елді мекендердің өмірі мен экономикалық белсенділігінің әр түрлі аспектілеріне бағытталған. Бұдан басқа, бюджеттік қаржыландыру үшін жобаларды іріктеу тетігі реттелмеген», деді ол.
Партиялық бақылау комитетінің төрағасы, Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мүшесі Артур Платоновтың айтуынша, «Ауыл ел бесігі» және «Дипломмен ауылға» жобалары бойынша ақпараттық қамтамасыз ету жұмыстары мардымсыз. Ол бұл олқылықтарды түзететін уақыт жеткенін айтты.
«Әрбір елді мекеннің және әрбір нақты қатысушының жеке ерекшеліктерін ескеру қажет. Жас мамандар үшін қажетті сапалы әлеуметтік инфрақұрылым  жоқ. Көптеген құрылыс жұмысы сапасыз, стандарттарға сай орындалмаған. Тек қана ақша құрту сияқты. Бұл жүйелі формализмнің және мемлекеттік бағдарламалардың беделін түсірудің көрінісі», деп түйіндеді Артур Платонов.