Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілмек

Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілмек

Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілмек
ашық дереккөзі
Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды деп хабарлады turkystan.kz. Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов бұл салада құқық бұзған азаматтарды қылмыстық жəне əкімшілік жауапқа тарту тəртібін қатайту қажеттігін атап өтті.
«Қаралатын заң жобалары: жерді бүлдіру, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, жер қойнауын өз бетінше пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимін бұзу, орман фаунасын жою немесе бүлдіру, сондай-ақ орманды қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдiру, ластау және орман қорының жерлерiне өзге де залал келтiру, ағаш кесілген жерлерді кесілген ағаш қалдықтарынан уақтылы тазартпау, орман соқпақтары мен кеспеағаш аймағына іргелес аумақтарды қоқыстау үшін жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған», – деді Елеуов.
Депутаттың айтуынша, бұл заң жобаларын қабылдау экологиялық салада қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттардың әрекетін бейтараптандыруға, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етуге, теріс қылық санатынан қылмыс санатына ауыстыру және құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату арқылы ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың аумағында тиісті қызмет түрлерін іске асыратын тұлғалардың жауапкершілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.