Қарағанды облысында балалар арасында өкпе ауруы өршіп тұр

Қарағанды облысында балалар арасында өкпе ауруы өршіп тұр

Қарағанды облысында балалар арасында өкпе ауруы өршіп тұр
ашық дереккөзі
Қарағанды облысында балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез дерті өршіп барады деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Оған ата-аналардың өкпе ауруының алдын алу үшін салынатын вакцинаға қарсы болуы басты себептердің бірі деді дәрігерлер. Тек жыл басынан бері туберкулез жұқтыру балалар арасында - 28, ал жеткіншектерде 37 пайызға көбейген. Өкінішке қарай, соңғы кездері жас босанған аналардың екпе салдыруға қарсылығы жиілеген. Бес айда дүниеге келген 656 сәбидің ешқайсысына екпе салынбаған. Облыста жыл басынан бері 7624 сәби дүниеге келсе, соның тек 7 мыңға жуығы ғана екпе алыпты.
«Флюра тексеріспен бірге АТР Диаскинтест деген әдіспен біз балаларға тексеріс жүргіздік. 7 бала, ол - 15 жасқа дейінгі балалар, 8 бала - 15-18 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Балалардың арасында былтырғы жылмен салыстырғанда 28,6 пайызға өсіп отыр, ал жасөспірімдердің арасында 37 пайызға өскен», – деді облыстық фтизиопульмонология орталығының дәрігері Құралай Божбанова.