Бүгін Қазақстанның 7 өңірінде қатты ыстық болады

Бүгін Қазақстанның 7 өңірінде қатты ыстық болады

Бүгін Қазақстанның 7 өңірінде қатты ыстық болады
ашық дереккөзі
Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады деп хабарлады turkystan.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – бұршақ, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте – дауыл, оңтүстік-батыста, оңтүстікте – шаңды дауыл күтіледі. Республика бойынша екпінді жел болжанады. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр жауады. Күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында күші 30 м/с жететін жел күтіледі. Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Қызылорда, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде өте қатты ыстық болжанады. Қызылорда, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.