Жаңалықтар

Ресейдің 70 дипломаты елден шығарылмақ

ашық дереккөзі

Ресейдің 70 дипломаты елден шығарылмақ

Болгарияның премьер-министрі Кирилл Петков тыңшылық қызметпен айналысқан Ресей елшілігінің 70 қызметкерін елден шығаратынын мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.     Айта кетейік, екі елдің арасы Ресей Украинаға басып кірген сәттен бастап ушықты. Дегенмен Мәскеу бұл шешімге байланысты әлі ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. «70 Ресей дипломатын елден шығару туралы шешім қабылдадық. Біздің барлаушылар олардың Болгарияның мүддесіне қарсы жұмыс істегенін анықтады. Осы маңызды операцияны сәтті өткізген ұлттық қауіпсіздік қызметі мен Сыртқы істер министрлігін құттықтағым келеді», – деді Болгария премьер-министрі Кирилл Петков.