«Канелоның» бапкері Головкинмен өтетін кездесуге қатысты пікір білдірді

 «Канелоның» бапкері Головкинмен өтетін кездесуге қатысты пікір білдірді

 «Канелоның» бапкері Головкинмен өтетін кездесуге қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің (57-2-2, 39 КО) бапкері Эдди Рейносо қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) өтетін үшінші кездесуі туралы айтты  деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Канело» бұл жолы тегеурінді қарсылық көрсетеді. Ол алғашқы раундтан бастап-ақ Головкинді соққының астына алады. Біз осы қарқынды екінші раундта да бәсеңдетпейміз. Сөйтіп, жеңіске жетеміз деген ойдамын. Біздің бұл жолғы жеңісіміз сенімді болады, біз оған барымызды саламыз және бұрынғыға қарағанда белсендірек әрекет етеміз. Сауль нокаутпен жеңеді деген үміттемін», - деп мәлімдеді Рейносо.
Айта кетсек, Канело мен Геннадий Головкиннің бірінші айқасы 2017 жылы өтіп, тең нәтижемен аяқталды. Рематч 2018 жылы болды және онда Альварес төрешілердің басым даусымен жеңіске жетті.