Жаңалықтар

Ерлан Қошанов Қытай Парламентінің Спикері Ли Чжаньшумен келіссөз жүргізді

ашық дереккөзі

Ерлан Қошанов Қытай Парламентінің Спикері Ли Чжаньшумен келіссөз жүргізді

28 маусым күні Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов Қытай Халық Республикасының Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен бейнебайланыс арқылы келіссөз жүргізді. Тараптар екіжақты қатынастарды, соның ішінде заң шығарушы органдар арасындағы өзара байланысты тереңдету жөнінде пікір алысты. Ли Чжаньшу Ерлан Қошановты Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтай келе, ыңғайлы уақытта Қытай еліне ресми сапармен келуге шақырды. «Осы жылдар ішінде біз стратегиялық және сенімді қарым-қатынас орнаттық. Жоғары деңгейдегі тұрақты диалог соның берік негізіне айналды. Осының барлығы елдеріміздің көшбасшыларының шынайы достығы мен сенімді қатынастарының нәтижесі екені сөзсіз», – деді Мәжіліс төрағасы.