"Мұзарт" тобының ізбасарлары таңдалды

"Мұзарт" тобының ізбасарлары таңдалды

"Мұзарт" тобының ізбасарлары таңдалды
ашық дереккөзі

Кеше "Музарт LIVE" жобасы өз мәресіне жетті. Халық сүйіспеншілігіне бөленген "Мұзарт" тобының ізбасарлары таңдалды. 

Ақтық сайыста 8 үміткер өнер көрсетті. Оның төртеуі ғана жаңа топтың құрамына енеді. Бұл байқаудың басты шарты болатын.

Ақтық сайыстағы тартысты бәсекеде 8 үміткер өнер көрсетті. Оның төртеуі ғана жаңа топтың құрамына енеді. Бұл байқаудың басты шарты болатын. Кеше дәстүрдің жарқын жалғасы жария болды. Төрттіктен құрылған жаңа топ пайда болды.

Естеріңізде болса, биылғы жылдың наурыз айында жобаның  тұсауы кесілген болатын.  10 ай бойы жалғасқан мега-жоба барысында "Музарт LIVE" жобасының жетекшілері 12 000 үміткерді тыңдады. Жобаға қатысқан 12 000 үміткердің 12-сі ғана жартылай финалға  өтті.

Байқау шарты бойынша төрттіктің құрамындағы өнерпаздардың бірін көрермен, қалған үшеуін «Мұзарт» тобының мүшелері таңдауы қажет болатын.

Тыңдармандардың қолдауымен ең көп дауыс жиған Серікболсын Кішкенбаев жаңа топтың құрамына енді.

Кенжебек Жанәбіловтің таңдауына Нұрхат Сегізбай іліксе, Мейрамбек Бесбаевтың шешімімен Әзиз Балтабекұлы, ал Сәкен Майғазиев Сұлтан Ахметті топқа лайық деп есептеді.

Сонымен, жаңа топтың құрамында Серікболсын Кішкенбаев, Нұрхат Сегізбай, Әзиз Балтабекұлы және Сұлтан Ахмет өнер көрсететін болады.