Жаңалықтар

Бизнеске де, Үкіметке де ашық әрі түсінікті салық жүйесі қажет – Ерлан Қошанов

ашық дереккөзі

Бизнеске де, Үкіметке де ашық әрі түсінікті салық жүйесі қажет – Ерлан Қошанов

Партия сіздердің барлық сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайын. Бүгінгі талқылау – жаңа салық жүйесін қалыптастыру жолындағы стратегиялық міндеттерді шешудегі үлкен бірлескен жұмыстың бастамасы.      Бұл туралы «АMANAT» партиясының Төрағасы, парламенттік фракция жетекшісі Ерлан Қошанов салық заңнамасын жетілдіру мәселелеріне арналған жиында атап өтті деп хабарлады turkystan.kz  Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Мемлекет басшысы алға қойған басты міндет – тұрақты және болжамды салық жүйесін қалыптастыру. Яғни, нақты тапсырма берілді. Ол – салық заңнамасын негізгі параметрлерге сәйкес тұрақтандыру. Бұл, ең алдымен, бизнесті қолдау, оның салық ережелерінің үнемі өзгертілуі салдарынан зардап шекпеуі үшін қажет», – деді Мәжіліс Төрағасы. Ерлан Қошанов Үкіметтің қосылған құн салығы (ҚҚС) және корпоративтік табыс салығы (КТС) мөлшерлемелерін арттыру туралы ұсынысына түсінік бере отырып, тұрақтылық көлемде емес, ол орта мерзімді инвестициялық кезеңге, мәселен, кемінде 3 жылға арналған мөлшерлемелердің тұрақтылығын білдіретінін атап өтті. Бұл инвесторларға да, кәсіпкерлерге де түсінікті болар еді. Партия Төрағасы салықтық әкімшілендіру үдерісін үнемі жетілдіріп отыру қажеттігіне де назар аударды. Сонымен қатар Ерлан Қошанов салық салудың сервистік моделіне тоқталған алымдар мен төлемдердің көпшілігі автоматтандырылып, проактивті форматта жүзеге асырылуға тиіс екенін айтты. Бұл ұзаққа созылып келе жатқан салық жүйесін цифрландыру аяқталғаннан кейін ғана мүмкін болады. «Біз бұл туралы бірнеше жылдан бері естіп келеміз. Бірақ әлі күнге дейін нәтиже жоқ. Ең алдымен цифрлық технологияларға негізделген салық салудың ашықтығына, қарапайымдылығына және салық органдарының тұтынушыға бағдарланған қызметіне ұмтылуымыз керек», – деді партия Төрағасы. Салық саласының өзекті мәселелерін талқылауға арналған жиынға Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рүстем Жүрсінов те қатысты.