Атырауда құстар қырылып жатыр

28 маусым, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Атырауда құстар қырылып жатыр Атырауда 17 маусым күні Каспий қайраңындағы «Қашаған» кен алаңы маңайынан және  «Ақжайық» табиғи резерваты аумағынан «қарабас шағаланың» 1000-ға тарта өлексесі табылды деп хабарлады turkystan.kz 24.kz сілтеме жасап. Ал бүгін оның саны 5 мыңнан асты.  Бір таңқаларлығы, қырылып жатқан тек шағалалар екен. Басқа құстардан қандай да бір ауру белгілері анықталмапты. Осыған орай, Елордадан арнайы орнитолог мамандар шақырылды. Өлген шағалалардан сынама алынып, зертханаға жіберілді.