БҚО колониясында екі жұп отбасын құрды

БҚО колониясында екі жұп отбасын құрды

БҚО колониясында екі жұп отбасын құрды
ашық дереккөзі
БҚО-да колонияда жазасын өтеп жатқан екі бірдей жұп отбасын құрды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Отбасын құру – өмірдегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бірін-бірі сүйген екі жүректің қосылуына ештеңе кедергі бола алмайды. Оған дәлел - тергеу изоляторы қабырғасында өткен неке қию салтанаты. Екі бірдей жас жұп отау құрды. Олар – сотталушы Н. мен оның жұбайы К., сондай-ақ тергеу кезінде тұтқынға алынған М. мен оның жұбайы Г.
«Бостандықта жүргенде ресми некеге тұрудың маңыздылығы жайлы ойланбаушы едім, ал мұнда жүріп өмірдегі ең маңыздысы отбасы екенін түсіндім», – деді сотталушы Н. «Мекеме әкімшілігіне алғысым шексіз. Олардың тарапынан осыншалықты көмек пен қолдау болады деп күтпедім. Барлығын жедел түрде ұйымдастырған заңгер мен тәрбиешілер болмаса, барлық құжаттарды тез арада рәсімдей алмас едік. Мекеме басшысы мен қызметкерлерге үлкен алғыс білдіремін», – деді азаматша К.