«АМANAT» партиясы жанынан Энергетика комитеті құрылды

«АМANAT» партиясы жанынан Энергетика комитеті құрылды

«АМANAT» партиясы жанынан Энергетика комитеті құрылды
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында Энергетика комитетінің алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті. Жиында оның құрамы мен ережесі бекітілді деп хабарлады turkystan.kz. Комитет төрағасы болып Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов сайланды.  width= Партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев атап өткендей, осы алаңда мүдделі мемлекеттік органдардың, ірі энергетикалық корпорациялардың, өңірлік кәсіпорындардың, сарапшылар қауымдастығы мен бизнес өкілдерінің қатысуымен энергетика саласының мәселелері тұрақты негізде талқыланады. Өзекті мәселелер қатарында энергетика саласындағы еңбекақы төлеу деңгейі, тарифтерді белгілеу, эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу және басқалар бар. Комитеттің алғашқы отырысы келесі айда еліміздің энергетикалық орталығы - Павлодар қаласында өтеді.  width=