Жол апатына ұшыраған көлік ішінде бір адам тірідей жанып кетті (ВИДЕО)

Жол апатына ұшыраған көлік ішінде бір адам тірідей жанып кетті (ВИДЕО)

Жол апатына ұшыраған көлік ішінде бір адам тірідей жанып кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Павлодар облысында жол апаты болып, көлік ішінде бір адам жанып кетті деп хабарлады turkystan.kz.    Оқиға Нұр-Сұлтан - Павлодар тасжолында Пограничник пен Спутник ауылдарының арасында болған. Екі көлік соқтығысып, салдарынан бір көлік өртенген. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатында 3 адам зардап шеккен.
«1987 жылғы ер адам омыртқа сүйегінің сынуы диагнозымен, 1999 жылғы ер адам жабық бас сүйек-ми зақымы мен беті жыртылып, Павлодар қаласының №1 ауруханасына жеткізілді», – деді басқарма өкілдері.
Ал, үшінші адам кім екені анықталмады.
«Үшінші адам - «Индрайвер» қосымшасымен көлікке отырған жолаушы. Ол адамда биологиялық өлім анықталды. Толығымен жанып кеткендіктен кім екенін анықтау мүмкін болмады», – деді ведомство өкілдері.
Жол апаты болған жерге жедел жәрдемнің екі тобы шығып, қызмет көрсетті.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Новости Павлодара и Казахстана (@pavlodar_city_life)