Доллар бағамы 4,89 теңгеге арзандады
Доллар бағамы 4,89 теңгеге арзандады
Қазақстан қор биржасында теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады деп хабарлады turkystan.kz.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 27 маусым кешімен салыстырғанда 4,89 теңгеге төмендеп, 1 доллар 456, 05 теңге болды.
Ұлттық банктің 28 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 460,95 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы 455,50 теңге, сатып алу – 460,50 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 450 теңгеден болса, сатып алу құны – 457,50 теңге.