Алматы облысында интернет-сайттардың бірінде жаңа туған нәрестелер сатылған

Алматы облысында интернет-сайттардың бірінде жаңа туған нәрестелер сатылған

Алматы облысында интернет-сайттардың бірінде жаңа туған нәрестелер сатылған
ашық дереккөзі
Прокуратура балаларды сату туралы хабарландырулар орналастырылған шетелдік интернет сайтын анықтады деп хабарлады turkystan.kz ведомствоның баспасөзіне сілтеме жасап. Ондағы мәліметтерге қарағанда, жаңа туған балаларынан бас тартқысы келетін жас әйелдер оларды заңмен белгіленген тәртіпті бұза отырып, уәкілетті органдар мен соттың тиісті шешімінсіз «сатып алуды» ұсынады. ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 196-бабына сәйкес тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууы ішкі істер органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, білім беру ұйымдары әкімшілігінің немесе бала орналастырылған медициналық ұйымның өтініші бойынша тауып алынған, бас тартылған немесе қалдырылған күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірілмей тіркелуге тиіс. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 2-бабының 4-тармағына сәйкес қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Осыған байланысты Алатау ауданының прокуроры сотқа сайтты заңсыз деп тану және оның Қазақстан аумағындағы қызметін тоқтату туралы өтінішпен жүгінді. Сот қадағалау органының өтінішін қанағаттандырды. Материалдар ҚР ҚК-нің 128-бабында көзделген қылмысты жасау, яғни адам саудасы мәніне тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына жіберілді. Материалдар ҚР ҚК-нің 128-бабында көзделген қылмысты жасау, яғни адам саудасы мәніне тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.
«Аталған қылмыстық құқықбұзушылық үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», - делінген хабарламада.