Шавкат Рахмонов UFC-дің үздік ондығына енді

Шавкат Рахмонов UFC-дің үздік ондығына енді

Шавкат Рахмонов UFC-дің үздік ондығына енді
ашық дереккөзі
Шавкат Рахмонов Нил Мэгниді мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін UFC-де жартылай орта дивизион рейтингісінің алғашқы ондығына кірді деп хабарлады turkystan.kz.    Рахмонов өткен демалыс күндері Лас-Вегастағы UFC турнирінде америкалық қарсыласын екінші раундтың соңында нокаутқа жіберді. Осылайша отандасымыз UFC-де төртінші рет қатарынан жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы UFC-дің жартылай орта дивизионы бойынша рейтингінде өз позициясын айтарлықтай жақсартты. Ол бірден 5 позицияға көтеріліп, қазір 10-орынға тұрақтады. Ал Рахмоновтан жеңілген Мэгни 12-орынға түсіп қалды.