Головкин мен Альварес жекпе-жегінің билеті қанша тұрады?

28 маусым, 2022 / Әсем Бектемірқызы
ашық дереккөзі
Головкин мен Альварес жекпе-жегінің билеті қанша тұрады? Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің билеттері сатылымға шықты деп хабарлады turkystan.kz. Ең арзан билеттің бағасы – 305 доллар. Ең қымбаты 5 мың доллардан асады. Бір адамға сегіз билеттен артық сатып алуға тыйым салынған. Еске салайық, Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.