Қазақстан сериалдарын Сингапур, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан елдері сатып алды

Қазақстан сериалдарын Сингапур, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан елдері сатып алды

Қазақстан сериалдарын Сингапур, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан елдері сатып алды
ашық дереккөзі
Үкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров 5 жылда мемлекеттің қолдауымен 250-ге жуық сериал түсірілгенін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«2021 жылы 166 телеарнаның ТОП-10-на 6 қазақстандық телеарна, оның ішінде 3 мемлекеттік телеарна кірді. Соңғы 5 жылда мемлекеттің қолдауымен 3500-ден астам сериядан тұратын 250-ге жуық сериал түсірілді. Олардың 50-ден астамы Сингапур, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және тағы басқа елдерге сатылды», - деді министр.
Омаровтың айтуынша, мемлекеттік телеарналар әлеуметтік желілерде ақпаратты ілгерілету бойынша да белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.
«Мәселен, қазір «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарының YouTube арналары оқырман саны миллионнан асқан кезде берілетін «алтын батырма» марапатының иегерлері», - деді Асқар Омаров.