Жаңалықтар

Атырауда 25 адам істі болды

Атырауда 25 адам істі болды

Атырау облысында жыл басынан бері құрамында есірткісі бар 5 мың данаға жуық дәрі-дәрмек тәркіленді деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары Роман Ермұхановтың мәліметінше, «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 5 мың данаға жуық трамадол және тропикамед дәрі-дәрмектері тәркіленіп, әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Оның айтуынша, облыстық наркология диспансерінің есебінде 508 адам тұр. Бұл көрсеткішті азайту және өңірде есірткі саудасын болдырмау үшін көптеген іс-шара өтіп жатыр. Облыс аумағында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары 4 профилактикалық іс-шара өткізген.