Жаңалықтар

Маусым басталмай жатып туристік қызметтің бағасы өсті

ашық дереккөзі

Маусым басталмай жатып туристік қызметтің бағасы өсті

Туризм саласындағы түйткілдерді шешуге бағытталған заң қазақстандықтардың қамсыз демалуына кепіл бола алмайтын түрі бар. Мамандар «асығыс дайындалған заң шикі» дейді. Бекітілген заң бойынша жұмыс жасайтын отандық турфирмалар алдағы маусымда бірқатыр қиындықтарға тап болуы мүмкін. Ендігі уақытта турфирмаларда туроператорлар тікелей түсетін пайдадан қағылғанымен қоса, демалуға баратын адамдардың жауапкершілігінде өз мойнына алмақ. Салдарынан ірі компаниялар өз тұтынушыларын жоғалтып алмау және жолдама сатуды жалғастыру үшін ұсақ турагенттіктер ашуда. Сыртқы туризм нарығындағы ойыншылардың пікірінше, «Туристік қызмет туралы» Заң асығыс қабылданған. Қауымдастық мүшелері екі ай бұрын Үкіметке осы мәселені қайта қарауын өтініпті. Бұл іске қазір ұлттық кәсіпкерлер палатасы да араласқан. Олар өз кезегінде заңның өзгеруіне қол жеткізбек. Әзірге қазақстандықтар шетелдік жолдамаларға иелік етуді тоқтатпаған.