CҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

CҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

CҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Айманов өз еркімен қызметінен кетті деп хабарлады turkystan.kz.              СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрлан Аймановтың Денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметінен кетуіне оның басқа жұмысқа ауысуы себеп болған. Экс-шенеунік енді облыстық көпсалалы балалар ауруханасын басқарады. Нұрлан Айманов СҚО-ның денсаулық сақтау саласын 2022 жылдың қаңтар айынан осы уақытқа дейін басқарды. Нұрлан Бақдәулетұлы 1982 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Қазақ ұлттық медициналық институтын «педиатрия» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қалалық   №1 балалар клиникалық ауруханасында дәрігер интерн, балалар хирургі болып бастады. 2008-2013 жылдар аралығында СҚО балалар ауруханасында балалар хирургі болып жұмыс істеді. 2016 жылы облыстық балалар ауруханасының консультативті-диагностикалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары лауазымына бекітілді. 2016-2019 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталық аудандық ауруханасын басқарды. Ал 2019 жылдан осы жылдың қаңтарына дейін СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу-алдын алу жұмыстары жөнінен орынбасары қызметін атқарды.