Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде көктайғақ болады
Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде көктайғақ болады
Еліміздің аумағынан атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты бүгін республиканың кей өңірінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей аймақта қар жауып, бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде желдің күші секундына 15-20 метр болады. Таң ата және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 метр/секундқа дейін жетеді. Жамбыл облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 метр/секундқа дейін жетеді.
Алматы облысының бірқатар аймақтарына тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде желдің күші 15-20 метр/секунд болады. Оңтүстік Қазақстан облысында түнде және таң ата кей аймақтарға тұман түсіп, көктайғақ болып жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түсіп, желдің күші секундына күндіз 15-20 метр, кей жерлерде 25 метрге дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің күші 15-20 метр/секундқа дейін жетеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Батыс Қазақстан облысында бұрқасын болып, күндіз жел секундына 15-20 метр болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, желдің күші ұйытқуы секундына 15-20 метр болады. Маңғыстау облысының бірқатар аймақтарында көктайғақ болады.