АҚШ-та тағы да атыс болды

АҚШ-та тағы да атыс болды

АҚШ-та тағы да атыс болды
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Такома қаласындағы би кешінде атыс болып, сегіз адам зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz Оқыс оқиға жексенбі күні жергілікті уақытпен сағат 00:45-те көп адам жиналған Такома қаласының оңтүстік бөлігіндегі өнеркәсіптік ауданда болған. Құқық қорғау органдары атыс қаруы қолданылған жанжал әуелі көшеде басталғанын айтады. Полиция дереу қылмыс болған жердің айналасындағы көшелерді жауып тастады. Оқ жарақатынан зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Полицияның мәліметінше, қаза болғандар туралы хабарлама түскен жоқ, кінәлілерді іздеу бойынша тергеу жалғасып жатыр. Еске салсақ, 21 маусымда Нью-Йорктегі Гарлем ауданында белгісіз біреу адамдарға оқ атып, 1 адам қаза тапты және 8-і жарақат алған еді.