Суға шомылу маусымы басталғалы 65 адам суға кетті

Суға шомылу маусымы басталғалы 65 адам суға кетті

Суға шомылу маусымы басталғалы 65 адам суға кетті
ашық дереккөзі
Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 68 адам, оның ішінде 15 бала құтқарылды деп хабарлады turkystan.kz.   Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 110 адам суға тұншығып мерт болған. Оның 40-ы бала.
«Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 68 адам, оның ішінде 15 бала құтқарылды. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, еліміздің су айдындарында жыл басынан бері 110 адам, оның ішінде 40 бала суға батып қайтыс болды. Суға шомылу маусымы басталғалы бері (1-маусымнан бастап) еліміздің су айдындарында 39 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды», – деп мәлімдеді ҚР ТЖМ.
Ал Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, баланың суға кеткені туралы ешқандай хабарлама түспеген, сәйкесінше іздестіру жұмыстары да жүргізілмеген.
«Әкімдік тарапынан қарастырылған жергілікті құтқарушылар бар. Оларға суға кеткен адамды қалай дұрыс іздеу керектігін облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары үйреткен. Жергілікті құтқарушылардан білгеніміз, 8 жастағы бала судың ішінен емес, жағадан аман-есен табылған», – деп мәлімдеді Алматы облыстық ТЖД.
Төтеншеліктердің айтуынша, қайғылы жағдайлар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болады. Ата-аналар жабдықталмаған жерлерде шомылып, балаларын қараусыз қалдырып кетеді. Сондай-ақ мас күйінде суға түсетіндердің де ажалы осы судан келеді. Сонымен қатар төтеншеліктер су айдынына абайсызда құлап, балық аулау кезінде ережелерді бұзғандардың да суға бату фактісі көп тіркелетінін айтты.