«Әлі сенбей жүрмін»: 100 олимпиада жеңімпазы марапатталды

«Әлі сенбей жүрмін»: 100 олимпиада жеңімпазы марапатталды

«Әлі сенбей жүрмін»: 100 олимпиада жеңімпазы марапатталды
ашық дереккөзі
Елордада IQanat республикалық оқушылар слеті өтіп, оған еліміздің барлық облысындағы 164 аудан-ауылдарынан 750 оқушы қатысты. Слеттің әр күнінде түрлі тренинг-шара мен балалар үшін қызықты, танымдық семинарлар ұйымдастырылды  деп хабарлады turkystan.kz.    Слеттің соңғы күні де мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтті. Балалар білім саласындағы алғаш «Оскар» марапаттау рәсіміне қатысты.  width= Балаларды осындай ауқымды шараның аяқталуымен құттықтауға Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, «IQANAT білім беру қоры» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев, Қордың қамқоршылары мен жоба тәлімгерлері келді.  width= «IQANAT білім беру қоры» ҚҚ атқарушы директоры Камила Башарова слетке қатысқан барлық бала «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» екенін, сол үшін де осындай үлкен шараға қатысып отырғандарын атап өтті.
«Мұнда жеңіліс тапқандар жоқ, сіздердің әрқайсыларыңыз – көптеген кедергілерді жеңіп, осы жерде бас қосып отырсыздар. Барлығыңызды слеттің сәтті аяқталуымен құттықтай отырып, білім мен жаңалыққа деген құштарлықтарыңызды оята алдық деген сенімдеміз. 100 бала ғана мектебімізге грант алғанымен, қалған 650-і біздің олимпиадалық білім беру бағдарламаларымен қамтылады және оларды 11-сыныпқа дейін ҰБТ-ны табысты тапсыруға жеткізетін боламыз», – деп атап өтті Камила Башарова.
 width= Аталған кеште IQanat High School of  Burabay мектебінде оқуға шақыру алған 100 олимпиада жеңімпазының есімі белгілі болды.
«Әлі күнге дейін IQanat грантын алғаныма сенбей жүрмін. Мен үшін бұл керемет мүмкіндік. Болашақта қандай мамандық таңдасам да, Қазақстан тарихында өз ізімді қалдыруды армандаймын. Осы 5 күн ішінде біз ерекше шабыт пен білім алғанымыз соншалық, енді осының барлығын дұрыс арнаға бағыттау керек», – дейді Қарағанды облысы Абай ауданы Топал ауылынан келген Арман Айтқалиев.
 width= Бұл слеттің әр қатысушы үшін маңызы болғаны сөзсіз. Тіпті, жеңімпаздар қатарынан көрінбеген балалар да дән риза.
«Жүз жеңімпаз қатарына кіре алмағаныма қарамастан, өте қуаныштымын. Өйткені еліміздің астанасында осындай үлкен мерекеге қатыстым. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесуде ол біздің, яғни қазіргі балалар үшін көптеген мүмкіндіктер бар екенін айтты. Сондықтан мен өз арманымды орындау үшін барлық мүмкіндікті пайдаланатын боламын», – дейді Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылынан келген Дильназ Жақыпова.
 width= Естеріңізге сала кетейік, IQanat республикалық оқушылар слеті ел астанасында 21-24 маусым аралығында өтті. Республикалық олимпиада 1-кезеңде еліміздің барлық 164 ауданынан сегізінші сыныптың 36 мың ауылдық оқушысын қамтыса, 2-кезеңде 7 мыңнан астам оқушы бақ сынап, ақтық сынға 750 бала жетті. Шара шеңберінде 750 бала іріктеудің ақтық кезеңдерінде шыңдалып, тренингтерге, саяхаттарға, жетістіктерге жігерлендіретін кездесулерге қатысты. Ал соңғы күні Балалар жылына арналған флеш-моб ұйымдастырып, онда еліміздің оқушылары білім алуға және өзін-өзі дамытуға шақырылды.