Доллар бағамы 9,23 теңгеге арзандады

Доллар бағамы 9,23 теңгеге арзандады

Доллар бағамы 9,23 теңгеге арзандады
ашық дереккөзі
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы бірден 9,23 теңгеге төмендеп, 460,95 теңге болғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.   Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,19 теңгеге төмендеп, 8,66 теңге болды. Ал еуроның орташа бағамы 484 теңгеге дейін көтерілсе, қытай юані 695,40 теңгені (-0,491) құрады. Ақша айырбастау орындарында доллар 457-463 теңге, еуро 486-492,5 теңге, ресей рублі 7,45-8,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.