Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы сел басқан ауылдарда төтенше жағдай жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.
Арнайы құрылған комиссия апат шығынын есептеді. Комиссия есебінше, 169 қой-ешкі, бірнеше жылқы, сиыр және 400-ге жуық тауық жоғалған. Ауыз су жүйесі, электр желілері істен шыққан.
Шығынның жалпы сомасы 135 миллион теңгеден асқан. Мемлекет апаттан үй-жайы, мал-мүлкіне зақым келген тұрғындарға өтемақы төлейді.
Еске салсақ, 23 маусымда Жамбыл облысының Қордай ауданында нөсер мен бұршақ жауып, салдарынан сел жүрген.