«Қазақстаныма міндетті түрде келемін» - Кеосаян

«Қазақстаныма міндетті түрде келемін» - Кеосаян

«Қазақстаныма міндетті түрде келемін» - Кеосаян
ашық дереккөзі
Ресейлік режиссер және тележүргізуші Тигран Кеосаян Қазақстанға кіруіне тыйым салынғанынан хабардар екенін жеткізіп, аталған мәселе бойынша аз-кем түсініктеме берді деп хабарлады turkystan.kz orda.kz сайтына сілтеме жасап.  Ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаян алдағы уақытта Қазақстанға келуге уәде берді.
«Мен бұған әзіл ретінде қараймын. Иә, рас, мүмкін мен олардың ашуларына тиген шығармын. Бірақ мен өз жұмысымды дұрыс атқардым. Алдағы уақытта міндетті түрде Қазақстанға барамын. Ол үшін сол елдің билігінен рұқсат сұрамаймын», – деді Кеосаян.
Еске салсақ, 24 маусым күні отандық БАҚ Кеосаянның лаңкестермен бір тізімге енгізілгенін хабарлаған болатын. Бұған дейін Кеосаян телебағдарламалардың бірінде Қазақстанға тіл тигізіп, ашық сөйлеген еді. Бір қызығы, ол - «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симонянның күйеуі. 27 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрлігі ресейлік арандатушының айтқан сөзіне түсініктеме бере отырып, оны Қазақстанға кіруге тыйым салынатын адамдардың тізіміне енгізу ықтималдығы туралы айтты.