«Кальмар ойыны»: Өскеменде маска киген адам жанармай бекетін тонап кетті

«Кальмар ойыны»: Өскеменде маска киген адам жанармай бекетін тонап кетті

«Кальмар ойыны»: Өскеменде маска киген адам жанармай бекетін тонап кетті
ашық дереккөзі
Өскеменде «Кальмар ойыны» маскасын киіп, ойыншық тапанша ұстаған ер адам жанар-жағармай бекетіне шабуыл жасаған деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 30 мамырда Өскемен қалалық «102» жедел каналына хабар түскен. Ақпаратқа сүйенсек, маска киген ер адам инкассаторлық сөмкеде болған 2 млн теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен.
«Грейдерная көшесіндегі жанар-жағармай бекетіне маска киіп келген ер адам кассирді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, инкассаторлық сөмкеде болған 2 000 000 теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен. Дереу іздеу жұмыстарына кіріскен криминалдық полицияның жедел қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай, 2 сағат ішінде облыс орталығының 40 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады», - делінген хабарламада.
Ұрланған ақша ұсталған адамның көлігінен табылған, ал тапанша үйінде тәркіленді, ол ойыншық болып шықты.