Алматыда екі қабатты дәмханадан өрт шықты (ВИДЕО)

Алматыда екі қабатты дәмханадан өрт шықты (ВИДЕО)

Алматыда екі қабатты дәмханадан өрт шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматының Алатау ауданында дәмханадан өрт шықты деп хабарлады turkystan.kz.
«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Алатау ауданы, «Ақбұлақ» шағынауданы «Бәйтереков, 13» мекенжайы бойынша өрттің жоғары дәрежедегі шақыртуы бойынша жұмыс істеп жатыр. Онда екі қабатты «Терраса» кафесі отқа оранды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Оқиға орнында жедел штабтың жұмысы орнатылып, жанып жатқан жерден 50 литрлік 3 газ баллоны эвакуацияланды. Өртті сөндіруге 23 техника мен жеке құрамнан 55 адам жұмылдырылды.