Қырғыз елінен 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған  қазақстандық ұсталды

Қырғыз елінен 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған  қазақстандық ұсталды

Қырғыз елінен 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған  қазақстандық ұсталды
ашық дереккөзі
Қырғыз елінің шекарашылары «Чон-Капка – Автодорожный» бақылау-өткізу пунктінде жүкті заңсыз әкету фактісін анықтаған. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Өткізу бекетіне 38 жастағы қазақстандық жүргізген КамАЗ жүк көлігі келген. Ер адам көлікте тыңайтқыш барын айтқан. Бірақ автокөлікті тексеру кезінде шекарашылар 30 тоннаға жуық қант тапты. Ол тәтті өнімді селитра салынған қаптардың арасында жасырған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қазақстан азаматы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.