Көркем гимнастикадан Қазақстан тағы бір «алтын» алды

Көркем гимнастикадан Қазақстан тағы бір «алтын» алды

Көркем гимнастикадан Қазақстан тағы бір «алтын» алды
ашық дереккөзі
Таиландта көркем гимнастикадан Азия чемпионаты аяқталды деп хабарлады turkystan.kz.         Жекелей біріншілікте Елжан Таниева лентамен жаттығу көрсетуде үздік шығып, алтын медальге ие болды. Сондай-ақ ол ұршықпен жаттығудың финалында күміс жүлдегер атанды. Айта кетсек, осыдан бір күн бұрын Қазақстан командасы топпен жаттығу жасауда алтын медаль иеленген еді. Спортшы қыздарымыз шеңбермен өнер көрсетуде 30 балл алып, топ жарды. Көркем гинастиканың бұл түрінде «күміс» Өзбекстанға, «қола» Жапонияға бұйырды.