Қарағанды - Жезқазған пойызы ер адамды қағып кетті

Қарағанды - Жезқазған пойызы ер адамды қағып кетті

Қарағанды - Жезқазған пойызы ер адамды қағып кетті
ашық дереккөзі
Оқыс оқиға Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында Атасу ауылының маңында болған деп хабарлады turkystan.kz. Жүргізуші шұғыл тежеуішті басқан, бірақ кеш болды. Пойыз бен адам арасындағы қашықтық тым қысқа еді. "Патриот" Telegram каналының мәліметінше, қайтыс болған адамның Жаңаарқа ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Оның неліктен рельске шыққанын тергеу анықтайды. Оқиға орнында Желілік полиция басқармасының тергеу-жедел тобының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Ол осындай шешімге әдейі барған болуы мүмкін. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы пойызды кенет тоқтату мүмкін емес екенін еске салады. Сағатына 80 шақырым жылдамдықпен келе жатқан пойыз аз уақытта тоқтай алмайды. Авариялық тежеу кезінде пойыздың тежеу қашықтығы кемінде 900 метр болады.