Түркістан облысында көпбалалы келіншек күйеуінің қолынан қаза тапты

Түркістан облысында көпбалалы келіншек күйеуінің қолынан қаза тапты

Түркістан облысында көпбалалы келіншек күйеуінің қолынан қаза тапты
ашық дереккөзі
Түркістан облысында ер азамат 30 жастағы әйелін өлімші етіп сабап тастады деп хабарлады turkystan.kz. Жантүршігерлік кісі өлімі жайлы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Журналистің айтуынша, көпбалалы ана ауруханаға жеткізілгенімен тілге келмей, көз жұмған. Оның артында төрт баласы қалды. Ең кішісі – алты айлық сәби. “Нашақор күйеуі балаларының көзінше анасын ұрып тастаған. Ер азамат мас болған. Әйелдің қатты соққыға жығылғаны сонша, сау-тамтығы, сынбаған сүйегі қалмаған”, – деп жазды Гүлмира Әбіқай. Облыстық полиция өкілдері ер азаматтың ұсталғанын хабарлады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.