Меккеде қажылық басталды

26 маусым, 2022 / Інжу Әлихан
ашық дереккөзі
Меккеде қажылық басталды Қасиетті Мекке қаласында мұсылмандардың 5 парызының бірі -  қажылық басталды деп хабарлады turkystan.kz. Соңғы 2 жылда коронавирус індетіне байланысты қажылыққа бару шектелген еді. Мәселен, былтыр шетелден тек 60 мыңдай адам барған. Ал пандемияға дейін Мекке мен Мәдинада жыл сайын 2 жарым миллион адам қажылық міндетін өтеп, ел қазынасына 12 миллиард доллар түсетін. Қажылыққа байланысты Сауд Арабиясында қауіпсіздік шаралары күшейді.