Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жеңісіне жетті

Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жеңісіне жетті

Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жеңісіне жетті
ашық дереккөзі


27 жастағы қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC Vegas 57 турнирінің екінші раундында америкалық Нил Магниді жеңді деп хабарлады turkystan.kz. Ол Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC on ESPN 38 турнирінде қарсыласы америкалық жекпе-жек шебері Нил Мэгниді (26-8) жеңді. Бірінші раундта Рахмонов қарсыласына көбірек соққы жасады. Екінші раундта да қазақстандық шабуылын тоқтатпады, ал раунд аяқталуына үш секунд қалғанда қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді. Осылайша, Рахмонов UFC-дегі төрт жекпе-жегінде де жеңіске жетті. Ал Мэнги UFC-де 27-рет октагонға шығып, сегізінші рет жеңіліп отыр.