Ақмола облысында «Мəңгілік Ел» аллеясы ашылды
Ақмола облысында «Мəңгілік Ел» аллеясы ашылды
Тəуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Ақмола облысының Зеренді ауданында «Мəңгілік Ел» аллеясы ашылды, деп хабарлайды egemen.kz аудан əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан орталығының ең əсем жерінен орын тепкен аллеяның ашылу салтанатына аудан əкімі Асқар Мұратұлы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
«Мəңгілік Ел» — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын жастар болғандықтан олар ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра білген, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы керек. Бұл бағытта Зеренді ауданында да нақты жұмыстар атқарылуда», — деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.