Бурабайда демалушылар үш жасөспірім қызды құтқарып қалды
Оқыс оқиға Бурабайдағы Үлкен шабақты көлінде болды деп хабарлады turkystan.kz.
Екі қызды бірден құтқарып, үшінші 14 жастағы қыз судан шығарылғанда ес-түссіз болған. Демалушылардың бірі оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Судан алып шыққан кезде, қыздың жүрек қағысы әлсіз болды. Ол "өкпенің ісінуі" диагнозымен аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді, — деп мәлімдеді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.