Сәрсенбі, 22 Наурыз, 2023

Соғыста қаза тапқан жауынгерлердің сүйегі елге жеткізілді

Қазақстан Қарулы күштерінің әскери борты Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер – Николай Матвеевич Гуровтың, Төлеген Үркербаевтың және Петр Абрамович Фоменконың сүйектерін Мәскеуден Нұр-Сұлтанға жеткізді деп хабарлады turkystan.kz.        

«Сұрапыл соғыстан оралмай, хабар-ошарсыз кеткен сарбаздар мен офицерлердің ұрпақтары әлі күнге дейін бабалары жайлы хабар күтеді. Соғыста қаза тапқан соңғы сарбаз жерленгенге дейін іздеу жалғаса бермек. Біз бірлесіп атқарып жатқан жұмыс жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге, қазақстандық жауынгерлердің жанқиярлығы мен батылдығы туралы тарихты жадымызда сақтауға барынша ықпал етеріне сенімдімін», – деді рәсім барысында Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Соғыста қаза тапқан жауынгерлердің сүйегі елге жеткізілді

Министр қазақстандық жауынгерлердің сүйектерін іздестіруге белсене қатысқандардың бәріне алғыс білдірді.

Төлеген Үркербаев – Алматы облысының Ұзынағаш кентінен, Петр Абрамович Фоменко – Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Щербаковка ауылынан, Николай Матвеевич Гуров  – Алматы қаласынан екені нақтыланған.

Аталған өңірлерде жауынгерлердің сүйектерін қарсы алу, туыстарына беру және әскери құрмет көрсетіліп, қайта жерлеу рәсімдері өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button