Жаңалықтар

Соғыста қаза тапқан жауынгерлердің сүйегі елге жеткізілді

ашық дереккөзі

Соғыста қаза тапқан жауынгерлердің сүйегі елге жеткізілді

Қазақстан Қарулы күштерінің әскери борты Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер – Николай Матвеевич Гуровтың, Төлеген Үркербаевтың және Петр Абрамович Фоменконың сүйектерін Мәскеуден Нұр-Сұлтанға жеткізді деп хабарлады turkystan.kz.         «Сұрапыл соғыстан оралмай, хабар-ошарсыз кеткен сарбаздар мен офицерлердің ұрпақтары әлі күнге дейін бабалары жайлы хабар күтеді. Соғыста қаза тапқан соңғы сарбаз жерленгенге дейін іздеу жалғаса бермек. Біз бірлесіп атқарып жатқан жұмыс жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге, қазақстандық жауынгерлердің жанқиярлығы мен батылдығы туралы тарихты жадымызда сақтауға барынша ықпал етеріне сенімдімін», – деді рәсім барысында Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов.