«Түсік жасатуға болмайды»: Халық жаңа заңға жаппай қарсы шығуда
«Түсік жасатуға болмайды»: Халық жаңа заңға жаппай қарсы шығуда
Жоғарғы соттың түсік жасату құқығына тыйым салу туралы заңына қарсы мыңдаған адам ел көшелеріне шықты деп хабарлады turkystan.kz «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап.
«Менің денем - менің таңдауым» деп ұрандаған жұрт Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Чикаго, Филадельфия, Денвер, Сан-Франциско, Портленд, Сиэтл және басқа да көптеген АҚШ қалаларының көшелерінде шу шығарды.
Жасанды түсік жасатуға қарсы белсенділер жасанды түсік жасайтын емханалардың алдына жиналып, сол жерде митинг өткізді.
Жасанды түсік жасату құқығына кепілдік беретін заңның тоқтатылатыны кеше белгілі болды. Заң енді абортқа толығымен тыйым салады.
Айта кетсек, қазірдің өзінде бірқатар штаттарда түсік жасату құқығы жойылған.