Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

25 маусым, 2022 / Інжу Әлихан
ашық дереккөзі
Алдағы күндері ауа райы қандай болады? «Қазгидромет» РМК 25, 26 және 27 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.       «Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты фронтал бөліктер әсерінен қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, қатты жел мен бұршақ болады. Осылайша,  бұлттар саны азайып, жаңбыр тоқтайды. Оңтүстікте құмды дауыл күтіледі», - делінген хабарламада. Күндізгі ауа температурасы болжамы: батыста + 25+35 градус, солтүстікте +25+33 градус, орталықта +30+37 градус, шығыста +27+37 градус, оңтүстікте өте қатты ыстық +40+45 градус.