БҚО-да ауыл әкімі жол апатынан қайтыс болды

БҚО-да ауыл әкімі жол апатынан қайтыс болды

БҚО-да ауыл әкімі жол апатынан қайтыс болды
ашық дереккөзі
БҚО-да Тау ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Төрешов жол апатынан қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz. БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 23 маусымда сағат 1:50-де Жәнібек-Талов тас жолының 25-шақырымында, Тау ауылының маңында болған.
«Volkswagen Polo жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік шұңқырға құлап кетті. Салонда бір адам болған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - деді ведомство өкілі.
Марқұм Тау ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген. 34 жастағы Нұрлыбек Төрешовтің артында әйелі мен төрт баласы қалды. Оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.