Шиелі ауданында саяқ шегіртке көбейді

Шиелі ауданында саяқ шегіртке көбейді

Шиелі ауданында саяқ шегіртке көбейді
ашық дереккөзі
Қызылорда облысы Шиелі ауданының 3 елді мекенінде саяқ шегіртке көбейіп кетті деп хабарлады turkystan.kz Осы мақсатта тиісті сала мамандары зиянкестерге қарсы дәрі шашу шарасын жүргізді. Шиелі ауданында аталған бағытта 5 мың гектарға жуық алқабына зиянкестерге қарсы препараттар себілді. Бұл ретте аудан бойынша 12 мың 440 гектардан астам жер залалсыздандырылған.
«Ауданға қарасты Бестам, Еңбекші және Шиелі кентінде шегіртке көбейгені анықталды. Тиісті мекемелер улау шарасын дер кезінде жүргізді. Зиянкестер егінге ешқандай залалын тигізген жоқ», – деді Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков.
Айта кетсек, биыл Қызылорда облысында дерматомикоз ауруына шалдыққандар көбейген.