Алматыда жолаушылар троллейбусы өртенді
Алматыда жолаушылар троллейбусы өртенді
Алматыда Жандосов пен Алтынсарин көшелерінің қиылысында жолаушылар троллейбусы өртенді деп хабарлады turkystan.kz.
Өртеніп жатқан троллейбустың видеосы әлеуметтік желіде тарады.
«АлматыЭлектроТранс» ЖШС-нің мәліметінше, жүргізушіден №12-ші троллейбустың өртенгені туралы хабарлама сағат 14.55-те түскен. «Көліктің төбесі жанды (төменвольтты зарядтау құрылғысы). Жүргізуші өрт сөндірушілер келгенше, өртті өзі сөндіріп үлгерді. Кейін троллейбусты паркке сүйреп әкетті. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады компаниядан.