«...нанмен пикник ұйымдастырдық»: Талдықорған әкімі өзі түскен видеоға пікір білдірді

«...нанмен пикник ұйымдастырдық»: Талдықорған әкімі өзі түскен видеоға пікір білдірді

«...нанмен пикник ұйымдастырдық»: Талдықорған әкімі өзі түскен видеоға пікір білдірді
ашық дереккөзі
Талдықорған әкімі Желіде қызу талқыға түскен видеоға қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Әлеуметтік желілерде Талдықорған әкімінің видеосы тараған еді. Онда әкім мылтық атып жатқаны көрінеді. Кейінірек бұл видео жергілікті БАҚ өкілдері мен блогерлердің демалысында түсірілгені белгілі болды.  width= Әкім Әсет Масабаев БАҚ өкілдері мен блогерлерге атыстан жарыс пен пикникті өз қаржысына ұйымдастырғанын айтты. Тұрғындар журналистермен кездесу қандай қаражатқа ұйымдастырылғанына қызығушылық білдірген.
«Барлық қаражат жалақымның есебінен кетті. Жалақым оған жетеді. Бұл - өзінің қаруы бар ресми орын. Сол жерде кәуап, кола, нанмен шағын пикник ұйымдастырдық. Бәріне 385 мың кетті. 260 мыңы - қаруға оқ-дәріге, 52 мыңы - және 70 мыңы тамаққа», - деді қала әкімі.
Тағы оқи отырыңыз: Желіде Талдықорған қаласы әкімінің қару ұстаған видеосы тарады (ВИДЕО)