Үздік мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Үздік мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Үздік мемлекеттік қызметшілер марапатталды
ашық дереккөзі
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жариялаған «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды деп хабарлады turkystan.kz janabastau.kz-ке сілтеме жасап. Бүгін жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов, қоғам қайраткері Ирак Елекеев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев қатысты. Салтанатты іс-шарада жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан, мемлекетке сапалы қызмет еткен Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Арман Вилямов, Қаржы министрлігі мемлекеттік Кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша мемлекеттік Кірістер департаменті басқармасының басшысы Айжан Бекеева, Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі Рустам Әли, Нұр-Сұлтан қаласы Бас көлік прокурорының аға көмекшісі Артур Баймаханов, Павлодар облысы Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы Су ресурстары бөлімінің бас маманы Мирас Жұмаділов, Денсаулық сақтау министрлігі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаментінің Медициналық қызметтер көлемін болжау және жоспарлау басқармасының басшысы Ғазиз Сағитұлы,  Ақмола облысы Қосшы қаласының Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Айнагүл Көңбай, Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік Қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бас маманы Аида Бажирова, Ақтөбе облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Раслана Салманова және Ақтөбе облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы Алмат Махай марапатталды. Айта кетсек, Қазақстанда 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі.